Гаухар Шахмақызы (Кашанова) – Бурашева 1951 жылы 26 сәуірде Алматы қаласында, ұстаздар жанұясында дүниеге келдім. Әкем –Кашанов Шахма – тарих пәнінің мұғалімі, анам Кашанова Насиха – бастауыш кластың мұғалімі. Мен мектепте домбырада ойнадым, өлең айттым, тақпақ жаздым, алғашқы тақпағым 1965 жылы «Балдырған» журналында жарық көрді. 1967 жылы № 278 қазақ мектебін медалға бітірген соң, С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің химия факультетіне түсіп, 1972 жылы оны бітіріп шығып, сол жылы аспирантураға түстім. ҚазМУ-да инженер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, аға мұғалім, доцент болып жұмыс істедім. 1981 жылы 02.00.10- табиғи және физиологиялық белсенді заттар химиясы мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғадым. 2004 жылы 02.00.10- биоорганикалық химия мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғап, ал 2008 жылы «Химия» профессоры атағына ие болдым. 2005-2009 жылдары аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті органикалық химия және табиғи қосылыстар химия кафедрасының меңгерушісі болдым. 2000 жылдан бастап Қазақстанның сортаң жерлерінде өсетін галофиттердің 23 түрінің химиялық құрамын зерттеп, 18 жаңа заттың құрлысын анықтадық. Көп жылдық ғылыми-зерттеу жұмыстар арқасында жантақтың қырғыздық түрінен жаңа тұндырынды, "Алхидин" субстанциясын және осы субстанция негізінде 5% - жақпа май, «Жантак» шырыны алынып, барлық түрлер ҚР дәрілік препарат болып бекітілді. 2000 жылдан бері 6 кандидаттық диссертация және 4 Ph.D. докторы даярланып шығарылды. 1 – РФ патенті, 35 – ҚР алдынала.патенті, 3-пайдалы модел, 300 - мақала, 80 – тезис, 1 монография, 5 жаңа фармацевтикалық препарат иесімін. Хирш индексі - 6. 2007 жылдан бері 4 оқу құралы және 1 оқулық «Табиғи қосылыстардың химиясы мен технологиясы» жарық көрген, сонымен қатар, «Сборник тестовых задач и упражнений по курсу - Органическая химия» - атты әдістемелік құрал шыққан. Органикалық химияны екі тілде оқимын, бірнеше арнайы курстарды қазақ тілінде даярладым: "Өсімдікті өңдеудің химиялық технологиясы", Көмірсулардың химиясы мен технологиясы», "Алкалоидтардың химиясы мен технологиясы", "Фитопрепараттарды стандарттау және сертификаттау". «Изобретатель СССР» (1987) медалінің, «Ғылым сардары» (2008) алтын белгісінің, 2004 ж. ҚР ғылым мен техникасына қосқан үлесі үшін мемлекеттік спипендия, ал «2015 жылдың - озат оқытушы» атағының иегерімін. ҚР НААР генералды рейтинг нәтижесі бойынша 2015 ж. 28; 2016 ж. - 21; ал 2017-2018 ж. - 27-орында болдым. Жолдасым – Бурашев Махат,балаларым: Гульшат, Ерлан, Маулен. Немерем Арслан,Аружан.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
24.03.1982 |
|
Доктор |
30.09.2004 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
29.03.1996 |
профессор |
30.01.2008 |
38
құжаттар
7